Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы N 1301 және 2009 жылғы 10 наурыздағы N 274 қаулыларына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 мамырдағы N 635 Қаулысы
Редакция 28.12.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
1) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 28.12.2015 жылғы № 1086 Қаулысымен (06.05.2009 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.01.2016 жылы № 4 28732 „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2) "Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарын (Жол картасын) орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 наурыздағы N 274 қаулысында:
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
"5-1. Іс-шаралар жоспарынан туындайтын дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 41-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған ерекше тәртіппен жүзеге асырылады деп белгіленсін.".
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Полная версия