Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 09.01.2016
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы N 1301 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1356 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 9 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 28.12.2015 жылғы № 1086 Қаулысына сәйкес
1. "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы N 1301 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 49, 600-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесінде:
бүкіл мәтін бойынша "нысан бойынша" және "нысандар бойынша" деген сөздер алынып тасталсын;
"1. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жоспарлау" бөлімінде:
"Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жоспарланатын номенклатурасын әзірлеу және бекіту" кіші бөлімі және 1, 2, 3, 4, 5 және 6-тармақтар алынып тасталсын;
"Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеу және бекіту" кіші бөлімінде:
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
"7-1. Тапсырыс беруші тиісті бюджеттің (бизнес-жоспардың, кірістер мен шығыстар сметасының) негізінде мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді.
Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын тапсырыс беруші тиісті бюджетті (бизнес-жоспарды, кірістер мен шығыстар сметасын) бекіткен күннен бастап он жұмыс күні ішінде бекітеді және ол мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:
1) жылдар бойынша үш жылдық кезеңге мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген соманы қоса алғанда, тауарлардың, жұмыстардың көрсетілетін қызметтердің номенклатурасын. Жұмыстардың номенклатурасы осы жұмыстарды орындау шеңберінде сатып алынатын тауарлардың көлемі туралы мәліметтерді қамтуы тиіс. Тиісті бюджетте бекітілген сома болмаған жағдайда, болжамдық сома көрсетіледі;
2) Заңның 4-бабында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілі мен мерзімдерін;
3) тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің жоспарланған мерзімдерін;
4) Заңның 37-бабында көзделген жағдайларда әрбір қаржы жылына бөлінген және көзделген сома шегінде кестеге және жылдар бойынша бөлуге сәйкес тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің жоспарланған мерзімдерін.
Заңның 4-бабы 1-тармағының 3) және 32) тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтер мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына қосуға жатпайды.";
8-тармақта:
"(жауапты хатшы) немесе оның міндетін атқарушы мен бас бухгалтері" деген сөздер "не тапсырыс берушінің жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын, жауапты хатшы өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлға не оның міндетін атқаратын тұлға" деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақта:
бірінші абзацта "(жауапты хатшы) мен бас бухгалтері" деген сөздер "не тапсырыс берушінің жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын, жауапты хатшы өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлға не оның міндетін атқаратын тұлға" деген сөздермен ауыстырылсын;
Полная версия