Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 09.01.2016
"Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 329 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 9 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 28.12.2015 жылғы № 1086 Қаулысына сәйкес
1. «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 49, 600-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
«9. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі» деген бөлімде:
«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі» деген кіші бөлімде:
мынадай мазмұндағы 305-1 және 305-2-тармақтармен толықтырылсын:
«305-1. Заңда және осы Ережеде көзделген талаптардан басқа, бір қаржылық жылдан асатын мерзімге мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезінде конкурстық құжаттама мынадай мәліметтерді қамтуға тиіс:
1) әлеуетті өнім берушінің материалдық-техникалық базасының және оның қызметкерлері біліктілігінің сипаттамасы және оларға қойылатын талаптар;
2) қызметтермен қамтылатын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың саны туралы ақпарат.
305-2. Бір қаржылық жылдан асатын мерзімге мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізу жөніндегі конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қарау кезінде конкурстық комиссия, егер әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімі конкурстық құжаттаманың талаптарына, оның ішінде осы Ереженің 305-1-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмесе, конкурстық өтінімді қабылдамайды.»;
«Осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген норма бір қаржылық жылдан асатын мерзімге мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізу жөніндегі конкурсқа қатысатын әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды.»;
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Полная версия