1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерiс енгiзiлсiн:
Внимание! Документ утратил силу с 21.08.2020
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне толықтырулар мен өзгерiс енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 наурыздағы N 178 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 21.08.2020 жылғы № 530 Қаулысына сәйкес
Редакция 18.10.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1) "Мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеудiң, ұстап қалудың (қоса есептеудiң) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 15 наурыздағы N 245 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 9, 69-құжат):
1-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 18.10.2013 жылғы № 1116 Қаулысымен (11.03.2007 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеудiң, ұстап қалудың (қоса есептеудiң) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесiнде:
3-тармақтың үшiншi абзацы:
"қожалығы" деген сөзден кейiн "кәмелетке толған" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Шаруа (фермер) қожалығының кәмелетке толған мүшелерiнiң (қатысушыларының) пайдасына мiндеттi зейнетақы жарналары олар кәмелетке толған жылдан кейiнгi күнтiзбелiк жылдың басынан бастап есептелуге және төленуге тиiс.";
5-тармақтың төртiншi абзацы "қожалығы" деген сөзден кейiн "кәмелетке толған" деген сөздермен толықтырылсын;
35-2-тармақтың екiншi абзацындағы "теңгемен" деген сөз "ұлттық валютамен" деген сөздермен ауыстырылсын;
35-4-тармақ "шот болмаған" деген сөздерден кейiн "немесе агенттiң банктiк шотындағы (шоттарындағы) ақша жеткiлiксiз болған" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетiлген Ережеге 2-қосымша "шоттар болмаған" деген сөздерден кейiн "немесе агенттiң банктiк шотындағы (шоттарындағы) ақша жеткiлiксiз болған" деген сөздермен толықтырылсын;
2) "Әлеуметтiк аударымдарды есептеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 21 маусымдағы N 683 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 25, 323-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Әлеуметтiк аударымдарды есептеу ережесiнде:
18-1-тармақтың бiрiншi абзацындағы "шот болмаған" деген сөздерден кейiн "немесе төлеушiнiң банктiк шотында (шоттарында) ақша жеткiлiксiз болған" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Полная версия