«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 15 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 04.07.2015
"Объектілерді салу үшін бастапқы материалдарды (деректерді) және рұқсат беретін құжаттарды ресімдеу мен беру тәртібін оңайлату жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 мамырдағы № 425 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 ақпандағы № 237 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 4 шілдеден бастап ҚР Үкіметінің 24.06.2015 жылғы № 479 Қаулысына сәйкес
1. «Объектілерді салу үшін бастапқы материалдарды (деректерді) және рұқсат беретін құжаттарды ресімдеу мен беру тәртібін оңайлату жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 мамырдағы № 425 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 24, 227-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) салуға және қолданыстағыларын қайта жаңартуға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) рұқсат беретін рәсімдерді өткізу қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Құрылыс объектілерін жобалау үшін бастапқы материалдарды (деректерді) ресімдеу және беру ережесі осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Жаңа объектілер салуға және қолданыстағы объектілерді өзгертуге рұқсат беретін рәсімдерді өткізу ережесі осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң, бірақ 2012 жылдың 30 қаңтарынан ерте емес қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы ақпандағы № 237 қаулысына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 мамырдағы № 425 қаулысымен бекітілген
Құрылыс объектілерін жобалау үшін бастапқы материалдарды (деректерді) ресімдеу және беру ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Құрылыс объектілерін жобалау үшін бастапқы материалдарды (деректерді) ресімдеу және беру ережесі (будан әрі - Ереже) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, кала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленген, ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) салу және қолданыстағыларын қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын (бұдан әрі - жоба) әзірлеу үшін қажетті құқық белгілеуші құжаттар мен өзге де бастапқы материалдарды (деректерді) берудің және оларды беруден уәжді бас тартудың тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.
2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) қайта жабдықтау - әдетте, үй-жайдың (үй-жайлардың) функционалдық мақсатын өзгертуге, тіршілікті қамтамасыз ету, пайдалану, қандай да бір өнімдер шығару, қызмет көрсету және тағы сол сияқтылар үшін қажетті технологиялық және (немесе) инженерлік жабдықтардың ішкі жүйесін толық немесе ішінара ауыстыруға байланысты оны (оларды) өзгерту;
2) қайта жаңарту - әдетте, өзгеретін объектіні жаңарту және жаңғырту қажеттілігіне байланысты жекелеген үй-жайларды, ғимараттың өзге де бөліктерін немесе тұтастай ғимаратты өзгерту;
3) қайта жоспарлау - осы үй-жайдың (осы үй-жайлардың) шекарасын өзгертумен ұштасқан үй-жайдың (үй-жайлардың) жоспарын өзгерту;
4) объектілер (құрылыс объектілері, олардың кешендері) - ғимараттар, сондай-ақ ауқымды, жайпақ және желілік құрылыстар:
тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы;
инженерлік желілерді қоса алғанда, коммуналдық мақсаттағы;
Полная версия