Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 04.07.2015
"Объектілерді салу үшін бастапқы материалдарды (деректерді) және рұқсат беретін құжаттарды ресімдеу мен беру тәртібін оңайлату жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 мамырдағы № 425 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 881 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 4 шілдеден бастап ҚР Үкіметінің 24.06.2015 жылғы № 479 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. «Объектілерді салу үшін бастапқы материалдарды (деректерді) және рұқсат беретін құжаттарды ресімдеу мен беру тәртібін оңайлату жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 мамырдағы № 425 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 24, 227-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) салуға және қолданыстағыларын қайта жаңартуға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсат беруді (рұқсат беруден дәлелді бас тартуды):
1) қаржыландыру көздерiне қарамастан, жоспарлануы, жобалануы және салынуы облысаралық, жалпы республикалық, мемлекетаралық (халықаралық) маңызы бар және екi және одан көп облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мүдделерiн немесе Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердiң мүдделерiн қозғайтын стратегиялық немесе өзге де маңызды жалпымемлекеттiк мiндеттердi шешумен байланысты объектілер бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган;
2) қаржыландыру көздерiне қарамастан, жоспарлануы, жобалануы және салынуы аталған облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мiндеттерiн орындаумен байланысты және стратегиялық немесе өзге де маңызды жалпымемлекеттiк мiндеттердi шешу мақсаты жоқ объектілер бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері жүргізеді.»;
14-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) қайта жаңартуға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) мүдделі және сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын тиісті жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшесінің тиісті шешімі бар адамдар тиісті құрылыс-монтаж жұмыстарын жасауға рұқсат aлу үшін мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын органдарға өтініш береді.»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Объектінің конструкциялары мен функционалдық мақсатын өзгертпей (сейсмикалық қауіптілігі жоғары не өзге ерекше геологиялық (гидрогеологиялық) немесе геотехникалық жағдайлары бар аудандарды қоспағанда) жер учаскесінің (аумақтың, трассаның) қазіргі шекарасында жүзеге асырылатын қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын қайта жаңарту, қайта жоспарлау, қайта жабдықтау құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсат алмай-ақ, сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын тиісті жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшесінің тиісті шешімі негізінде жүзеге асырылады.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов
Полная версия
ИС BestProfi