Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 29.01.2013 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 352 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 шілдедегі N 628 Қаулысы       
Тақырып жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 27.12.2011 № 1613 (25.07.2007 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(30.01.2012 бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының "Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы "
2003 жылғы 12 маусымдағы және   "Лицензиялау туралы "
2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
алынып тасталды ҚР Үкіметінің 27.12.2011 № 1613 Қаулысымен (25.07.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(30.01.2012 бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
2) темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметке қойылатын   біліктілік талаптары   бекітілсін.
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 352 қаулысына   мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) 3-тармақтағы»"15," деген сандар алынып тасталсын;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларда 15-тармақ алынып тасталсын.
Полная версия
ИС BestProfi