Близость слов: Окончание:





"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1802 Қаулысы
«Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының ҮкiметiҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 2), 3) тармақшалары, 4-тармақтың 4-1), 5), 7) тармақшалары алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi туралы ереже осы қаулыға қосымшаға   сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 29 желтоқсандағы
 № 1802 қаулысына
 қосымша
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2008 жылғы 28 наурыздағы
 № 1120 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ереже
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) өз құзыреті шегінде мемлекет қызметінің құқықтық қамтамасыз етілуін жүзеге асыратын, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режиміне қолдау көрсететін, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін, сондай-ақ атқарушылық құжаттардың уақтылы орындалуын және жекелеген негіздер бойынша республикалық меншікке айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Министрліктің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында, аудандарда, қалаларда және қалалардағы аудандарда аумақтық органдары және ведомстволары бар: Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті, Зияткерлік меншік құқығы комитеті, Сот актілерін орындау комитеті.
Министрлік, оның ведомстволары, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бірыңғай жүйесін құрайды.
Ведомстволардың құзыреті мен өзге мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылының тәртібін бірінші басшы айқындайды.
3. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Министрлік мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзінің атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Министрліктің, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, азаматтық-құқықтық қатынастар тарапы ретінде мемлекеттің атынан түсуге құқығы бар.
Полная версия
ИС BestProfi