2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті мен Салық комитетінің мемлекеттік мекемелерін құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 17 тамыздағы N 697 Қаулысы
Редакция 15.04.2008 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Маңғыстау облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгеріс туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 4 маусымдағы N 338 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Маңғыстау облысы бойынша Қазынашылық департаментінің
Мұнайлы аудандық қазынашылық бөлімі" (бұдан әрі - Қазынашылық бөлімі) және "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Маңғыстау облысы бойынша Салық комитетінің Мұнайлы ауданы бойынша Салық комитеті" (бұдан әрі - Салық комитеті) мемлекеттік мекемелері құрылсын.
2. Қазынашылық бөлімін және Салық комитетін қаржыландыру тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазынашылық бөлімі және Салық комитеті туралы ережелердің бекітілуін және олардың әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 мамырдағы N 626 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 22, 215-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті аумақтық органдары -
мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 155-1-жолмен толықтырылсын:
"155-1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Қазынашылық комитеті Маңғыстау облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Мұнайлы аудандық қазынашылық бөлімі";
2) "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 9 қазандағы N 1102 қаулысында (Қазақстан Республикасының
ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 33, 359-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 159-1-жолмен толықтырылсын:
"159-1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Маңғыстау облысы бойынша Салық комитетінің Мұнайлы ауданы бойынша Салық комитеті";
3) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
(17.08.2007 жылғы редакцияны қараңыз)(күшін жойды ҚР Үкіметінің 15.04.2008 № 339 Қаулысымен)
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Полная версия