«Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органының үлгi ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 32 Қаулысы
Редакция 23.09.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 23.09.2014 жылғы № 1003 Қаулысымен (25.01.2013 ж. редакцияны қараңыз)
2) «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi Тiл комитетiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 4 ақпандағы № 103 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 6, 53-құжат):
2-тармақ алынып тасталсын;
3) «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 12 наурыздағы № 319 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 36, 485-құжат):
2-тармақтың 1) және 2) тармақшалары алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 32 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi (бұдан әрi – Министрлiк) мәдениет, ақпарат, iшкi саяси тұрақтылық, этносаралық келiсiм, тiлдердi дамыту, мұрағат iсi мен құжаттама, мемлекеттiк рәмiздер, мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс салаларында басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Министрлiктiң мынадай ведомстволары бар:
1) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнің Мәдениет комитетi;
2) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнің Ақпарат және мұрағат комитетi;
3) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнің Тiл комитетi.
Полная версия