1. «Нұркен Әбдіров атындағы спорт комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі - серіктестік) мемлекеттік қатысу үлесі заңнамада белгіленген тәртіппен республикалық меншіктен Қарағанды облысының коммуналдық меншігіне берілсін.
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 19.03.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
«Нұркен Әбдіров атындағы спорт комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мемлекеттік қатысу үлесін республикалық меншіктен Қарағанды облысының коммуналдық меншігіне беру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2308 Қаулысы
«Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 81 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Қарағанды облысының әкімдігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен серіктестіктің мемлекеттік қатысу үлесін қабылдап алу-беру жөніндегі қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтыру мен өзгерістер бекітілсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2308 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтыру мен өзгерістер
Полная версия