Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 22.10.2007 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Халықаралық ақпарат комитетiнiң мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қазандағы N 1024 Қаулысы
Сыртқы және iшкi саясатты ақпараттық қамтамасыз ету, сондай-ақ шет елдерде Қазақстан Республикасының жетiстiктерiн насихаттауды күшейту мақсатында, "Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңының 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Халықаралық ақпарат комитетi (бұдан әрi - Комитет) құрылсын.
3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн: 
1) "Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1118  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., N 41, 530-құжат): 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi (Сыртқыiсминi) туралы ережеде: 
1-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын: 
"Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң ведомствосы - Халықаралық ақпарат комитетi бар.";
2) "Штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 24 қаңтардағы N 47  қаулысында: 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген министрлiктердiң, агенттiктер мен ведомстволардың қызметкерлерi штат санының лимиттерiнде: 
"Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi" деген реттiк нөмiрi 5-жол мынадай редакцияда жазылсын: 
"Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi          349         ведомстволарды қоспағанда, министрлiктiң орталық аппараты 321 
Халықаралық ақпарат комитетi                               28         бұдан басқа: 
басқа елдердегi органдар аппараты (елшiлiктер, өкiлдiктер, консулдықтар мен дипломатиялық миссиялар)                      585".
4. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Полная версия
ИС BestProfi