1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1118 және 2006 жылғы 28 қазандағы N 1024 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 22 қазандағы N 986 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1118 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 41, 530-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2-тармақ алынып тасталсын;
2) "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық ақпарат комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қазандағы N 1024 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 40, 439-құжат):
2-тармақ алынып тасталсын.
2. Осы қаулы мыналарды:
1) осы қаулы қол қойылған күнінен отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың 2) тармақшасын қоспағанда;
2) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Жауапты хатшысы лауазымына тағайындалған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулыға қосымшаның 20 және 21-тармақтарын қоспағанда қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы«22 қазандағы N 986 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1118 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) сыртқы саяси қызметті жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарының бірыңғай жүйесін басқаратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Министрліктің ведомствосы - Халықаралық ақпарат комитеті бар.
2. Министрлік өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, халықаралық шарттарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Полная версия