1. Қолданыстағы заңнамада белгiленген штат санының лимитi шегiнде:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 25.12.2006 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi комитеттерiнiң кейбiр мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы N 626 Қаулысы
"Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңының 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау комитетi:
оған өрт қауiпсiздiгi саласындағы бақылау, өрттер туралы iстер бойынша анықтау және өрт сөндiрудi ұйымдастыру функцияларын бере отырып, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Өртке қарсы қызмет комитетiне;
оған өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы және азаматтық қорғаныс iс-шараларының орындалуын бақылау функцияларын бере отырып, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Төтенше жағдайларды және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мемлекеттiк бақылау комитетiне бөлу жолымен;
2) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау комитетiнiң облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерi:
осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi Өртке қарсы қызмет комитетiнiң облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерiне және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi Төтенше жағдайларды және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мемлекеттiк бақылау комитетiнiң облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерiне бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Өртке қарсы қызмет комитетi туралы ереже және оның құрылымы;
2) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Төтенше жағдайларды және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мемлекеттiк бақылау комитетi туралы ереже және оның құрылымы;
3) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi Өртке қарсы қызмет комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi;
4) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi Төтенше жағдайларды және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мемлекеттiк бақылау комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi;
5) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Өртке қарсы қызмет комитетi мен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi Төтенше жағдайларды және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мемлекеттiк бақылау комитетiнiң төрағаларына екi орынбасары болуына рұқсат берiлсiн.
4. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi белгiленген тәртiппен осы қаулыны iске асыру жөнiндегi шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Полная версия