Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 шілдедегі N 712 Қаулысы       
Редакция 12.10.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерін қаржыландыру Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін. 
1) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес "Өрт сөндіру қызметі және авариялық құтқару жұмыстары қызметі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің облыстардың, Астана және Алматы қалаларының төтенше жағдайлар департаменттерінің облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы "Өрт сөндіру қызметі және авариялық құтқару жұмыстары қызметі" мемлекеттік мекемелеріне бөлу жолымен;
2) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мемлекеттік мекемелері оларға Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің, Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің мемлекеттік мекемелерін қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
4. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мемлекеттік мекемелері осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес қайта аталсын.
5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
6. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2008 жылғы 19 шілдедегі
 N 712 қаулысына
 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылатын аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті Ақтөбе қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы. 
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы. 
3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Алматы ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы. 
4. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті Атырау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы. 
5. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті Қарағанды қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы. 
Полная версия
ИС BestProfi