"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Внимание! Документ утратил силу с 22.10.2015
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 12 маусымдағы N 808 және 2006 жылғы 30 маусымдағы N 626 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 қыркүйектегі N 820 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 22 қазаннан бастап ҚР Үкіметінің 12.10.2015 жылғы № 821 Қаулысына сәйкес
Редакция 15.08.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1)»"Авариялық-құтқару қызметтерін, құрамаларын және құтқарушыларды аттестаттаудың кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 12 маусымдағы N 808 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 22, 274-құжат):
1-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 05.08.2014 жылғы № 893 Бұйрығымен (18.11.2008 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.09.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
көрсетілген қаулымен бекітілген Авариялық-құтқару қызметтерін, құрамаларын және құтқарушыларды аттестаттау ережесінде:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. АҚҚ аттестаттау авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестікті анықтау мақсатында өткізіледі.";
6-тармақтағы:
1) тармақша алынып тасталсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) іздестіру-құтқару, тау-кен құтқару, газдан құтқару, атқыламаға қарсы жұмыстарды және өзге де авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу құқығына белгіленген үлгідегі куәлік береді.";
8-тармақта:
бірінші абзацтағы»"заңнамада белгіленген тәртіппен" деген сөздер»"заңнамалық актілерде белгіленген тәртіппен" деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақша алынып тасталсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) іздестіру-құтқару, тау-кен құтқару, газдан құтқару және атқыламаға қарсы жұмыстарын және өзге де авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу құқығына берілген куәлік қайтарылып алынады немесе оның қолданылуы тоқтатыла тұрады.";
2) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 15.08.2014 жылғы № 938 Қаулысымен (20.09.2007 ж. редакцияны қараңыз)
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Полная версия