1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Тергеу комитетi, Криминалдық полиция комитетi, Әкiмшiлiк полиция комитетi және Жол полициясы комитетi (бұдан әрi - Комитеттер) құрылсын.
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 15.04.2008 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 сәуірдегі N 313 Қаулысы
"Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңының 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
2. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 29.10.2007. № 1004 Қаулысымен (21.10.2006 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз)
3. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 29.10.2007. № 1004 Қаулысымен (21.10.2006 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз)
4. "Жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 19 сәуiрдегі N 431 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 17, 221-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 24 қаңтардағы N 47 қаулысында:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген министрлiктердiң, агенттiктер мен ведомстволардың қызметкерлерi штат санының лимиттерiнде:
реттiк нөмiрi 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi: 1392 ведомстволарды қоспағанда, министрлiктiң орталық аппараты 657
Iшкi әскерлер комитетi 225
Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау комитетi 52
Тергеу комитетi 125
Криминалдық полиция комитетi 146
Әкiмшiлiк полиция комитетi 139
Жол полициясы комитетi 48";
2) "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 22 маусымдағы N 607 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 25, 311-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ішкi iстер министрлiгi туралы ережеде:
Полная версия