Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы N 607 және 2006 жылғы 21 сәуірдегі N 313 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қазандағы N 1004 Қаулысы
"Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 19 маусымдағы Конституциялық заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 
1) "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы N 607  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 25, 311-құжат): 
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде: 
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
"6. Министрліктің штат санының лимитін оның аумақтық органдары мен мемлекеттік мекемелерінің санын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Министрліктің құрылымы мен штат санын Министрмен келісілгеннен кейін жауапты хатшы не жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын лауазымды адам бекітеді."; 
"2. Министрліктің функциялары мен құқықтары 
12. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес: 
1) Министрлік қолданыстағы заңнамаға және оған жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады: 
қоғамдық тәртіпті, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау және қылмысқа қарсы күрес саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді; 
қоғамдық тәртіпті сақтауды және қылмысқа қарсы күресті ұйымдастыруды жетілдіруге бағытталған шаралар әзірлейді; 
қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық қауіпсіздік және қылмысқа қарсы күрес саласында мемлекеттік бағдарламалар әзірлейді; 
Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметіне, мемлекеттік органдарға республикадағы қылмысқа қарсы күрестің, қоғамдық тәртіпті сақтау мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жай-күйі туралы ақпарат береді; 
мемлекеттік органдарды және өзге ұйымдардың қылмысқа, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың заңсыз айналымы мен олардың теріс пайдаланылуына қарсы күрес, құрамында есірткі бар өсімдіктерді анықтау және жою мәселелері жөніндегі қызметін, сондай-ақ есірткі құралдарын заңсыз тасымалдау арналарына тосқауыл қою, жол қозғалысы қауіпсіздігін, құқық бұзушылық пен қылмыстардың алдын алуды қамтамасыз ету жөніндегі басқа да іс-шараларды ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады; 
халықаралық ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындайды; 
қылмысқа қарсы күрес, қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында және ішкі істер органдарының қарамағына жатқызылған өзге де мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастырады және жүзеге асырады; 
Полная версия
ИС BestProfi