Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң түзеу мекемелерi "Еңбек-Астана" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының "Еңбек-Көкшетау" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 қаңтардағы N 14 қаулысы       
Редакция 05.08.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң түзеу мекемелерi "Еңбек-Астана" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының "Еңбек-Көкшетау" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорны оны Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң түзеу мекемелерi "Еңбек-Көкшетау" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Құрылатын кәсiпорынның мемлекеттiк басқару органы болып Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінің Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi белгiленсiн.
3. Құрылатын кәсiпорын қызметiнiң мәнi мен мақсаты қылмыстық-атқару жүйесi саласындағы өндiрiстiк қызметті түзеу мекемелерiндегі бас бостандығынан айыруға сотталғандарды еңбекке тарта отырып жүзеге асыру деп белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi заңнамада белгіленген тәртiппен: 
1) құрылатын кәсiпорын жарғысының бекiтiлуiн және әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 05.08.2013 жылғы № 796 Қаулысымен (28.10.2004 ж. редакцияны қараңыз)
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Полная версия
ИС BestProfi