Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мемлекеттік кәсіпорындарының жекелеген мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 30 мамыр N 596
Редакция 05.08.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Мыналар:
1) қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелері "Еңбек" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының еншілес мемлекеттік кәсіпорындары оларды Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелері республикалық мемлекеттік кәсіпорындары етіп қайта құру арқылы қайта ұйымдастырылсын;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелері "Еңбек" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Еңбек-Алматы" және "Еңбек-Ерменсай" еншілес мемлекеттік кәсіпорындары оларды қосу арқылы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің "Еңбек-Алматы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны етіп қайта ұйымдастырылсын.
2. Құрылатын кәсіпорындарды мемлекеттік басқару органы болып Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті белгіленсін.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.12.2002. № 1439 қаулысымен. (30.05.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің "Еңбек" республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің "Еңбек-Астана" республикалық мемлекеттік кәсіпорны деп қайта аталсын.
3-1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің, мемлекеттік кәсіпорындары қылмыстық-атқару жүйесінің ұйымдары үшін маңызды стратегиялық мәні бар ретінде олар өндіретін тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) жеткізуші болып белгіленсін.
3-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 29.12.2002. № 1439 қаулысымен.
4. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті:
1) құрылатын кәсіпорындардың жарғыларын бекітсін;
2) құрылатын кәсіпорындардың әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және қайта аталған кәсіпорындардың қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 05.08.2013 жылғы № 796 Қаулысымен (28.10.2004 ж. редакцияны қараңыз)
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 мамырдағы N 596 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің республикалық мемлекеттік кәсіпорындары етіп қайта құрылатын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелері "Еңбек" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының еншілес мемлекеттік кәсіпорындарының Тізбесі
1. "Еңбек-Ақтөбе" еншілес "Еңбек-Ақтөбе" түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорны республикалық мемлекеттік кәсіпорны ________________________________________________________________________ 2. "Еңбек-Атырау" еншілес "Еңбек-Атырау" түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорны республикалық мемлекеттік кәсіпорны ________________________________________________________________________ 3. "Еңбек-Өскемен" еншілес "Еңбек-Өскемен" түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорны республикалық мемлекеттік кәсіпорны ________________________________________________________________________ 4. "Еңбек-Тараз" еншілес "Еңбек-Тараз" түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорны республикалық мемлекеттік кәсіпорны ________________________________________________________________________ 5. "Еңбек-Орал" еншілес "Еңбек-Орал" түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорны республикалық мемлекеттік кәсіпорны ________________________________________________________________________ 6. "Еңбек-Қарағанды" еншілес "Еңбек-Қарағанды" түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорны республикалық мемлекеттік кәсіпорны ________________________________________________________________________ 7. "Еңбек-Қызылорда" еншілес "Еңбек-Қызылорда" түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорны республикалық мемлекеттік кәсіпорны ________________________________________________________________________ 8. "Еңбек-Қостанай" еншілес "Еңбек-Қостанай" түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорны республикалық мемлекеттік кәсіпорны ________________________________________________________________________ 9. "Еңбек-Ақтау" еншілес "Еңбек-Ақтау" түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорны республикалық мемлекеттік кәсіпорны ________________________________________________________________________ 10. "Еңбек-Павлодар" еншілес "Еңбек-Павлодар" түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорны республикалық мемлекеттік кәсіпорны ________________________________________________________________________ 11. "Еңбек-Қызылжар" еншілес "Еңбек-Қызылжар" түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорны республикалық мемлекеттік кәсіпорны ________________________________________________________________________ 12. "Еңбек-Шымкент" еншілес "Еңбек-Шымкент" түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорны республикалық мемлекеттік кәсіпорны ________________________________________________________________________ 13. "Еңбек-Алмас" еншілес "Еңбек-Алмас" түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорны республикалық мемлекеттік кәсіпорны ________________________________________________________________________ 14. "Еңбек-Гранит" еншілес "Еңбек-Гранит" түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорны республикалық мемлекеттік кәсіпорны ________________________________________________________________________ 15. "Еңбек-Семей" еншілес "Еңбек-Семей" түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорны республикалық мемлекеттік кәсіпорны ________________________________________________________________________ 16. "Еңбек-Тас" еншілес "Еңбек-Тас" түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорны республикалық мемлекеттік кәсіпорны |
Полная версия