1. Қоса берiлiп отырған:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 21.04.2006 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы N 607 Қаулысы
"Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 29 қыркүйектегі N 1449 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi;
3) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгінiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерiнiң тiзбесi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрiне үш вице-министрi болуына рұқсат берiлсiн.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.02.2006. № 134 қаулысымен. (22.06.2005 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінің Iшкi әскерлер комитетi туралы ереже және оның құрылымы;
2) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау комитетi туралы ереже және оның құрылымы бекiтiлсiн.
4. Мыналарға:
1) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Iшкi әскерлер комитетiнiң төрағасына бес орынбасары болуына;
2) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау комитетiнiң төрағасына үш орынбасары болуына рұқсат берілсiн.
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.02.2006. № 134 қаулысымен. (22.06.2005 жылғы редакцияны қараңыз)
5. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 22 маусымдағы N 607 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi туралы ереже
Полная версия