Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 29.10.2007 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы N 607 Қаулысы
"Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 29 қыркүйектегі N 1449 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi туралы  ереже; 
2) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың  тiзбесi; 
3) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгінiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерiнiң  тiзбесi  бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрiне үш вице-министрi болуына рұқсат берiлсiн. 
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.02.2006. № 134 қаулысымен. (22.06.2005 жылғы редакцияны қараңыз)
1) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінің Iшкi әскерлер комитетi туралы  ереже  және оның  құрылымы; 
2) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау комитетi туралы  ереже  және оның  құрылымы  бекiтiлсiн.
1) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Iшкi әскерлер комитетiнiң төрағасына бес орынбасары болуына; 
2) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау комитетiнiң төрағасына үш орынбасары болуына рұқсат берілсiн. 
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.02.2006. № 134 қаулысымен. (22.06.2005 жылғы редакцияны қараңыз)
5. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2005 жылғы 22 маусымдағы
 N 607 қаулысымен
 бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi туралы ереже
Полная версия
ИС BestProfi