Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінің мәселелері" туралы 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 және "Есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы объектілер мен үй-жайларды пайдалану қағидаларын бекіту туралы" 2011 жылғы 9 қарашадағы № 1312 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қарашадағы № 1422 Қаулысы       
Редакция 12.10.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:
12-тармақтың 79) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«79) заңды тұлғаларға түрлі-түсті көшіру-көбейту техникасын, жарылғыш, күшті әсер ететін улы заттарды сатып алуға, сақтауға, әкелуге, әкетуге; азаматтық және қызметтік қаруларды және оның оқтарын, азаматтық пиротехникалық заттарды және оларды қолданып жасалған бұйымдарды сақтауға, тасымалдауға, әкелуге, әкетуге; ату тирлері мен стендтерін, штемпельді-граверлік кәсіпорындарды ашу мен олардың жұмыс істеуіне, ал жеке тұлғаларға азаматтық қару және оның патрондарын сатып алуға, сақтауға, сақтау мен алып жүруге, әкелуге, әкетуге рұқсат беруді жүзеге асырады;»;
2) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 12.10.2015 жылғы № 821 Қаулысымен (09.11.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.10.2015 жылы № 202 (28680) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi