Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 28.10.2004 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 наурыздағы N 260 қаулысы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрі жетілдiру жөнiндегі шаралар туралы" 2003 жылғы 23 желтоқсандағы N 1255 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегі комитеті (бұдан әрi - Комитет) таратылсын.
2. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi заңнамада белгіленген тәртiппен Комитетті таратуды, оның мүлкiн Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігіне берудi жүзеге асырсын, сондай-ақ осы қаулыдан туындайтын өзге де қажеттi шараларды қабылдасын.
3. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне енгізiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
4. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 30 қаңтардағы N 151  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 4-5, 45-құжат) 1-тармағының және 2-тармағы 1) тармақшасының күшi жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
 Yкiметiнің
 2004 жылғы 3 наурыздағы
 N 260 қаулысымен
 бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. "Бас бостандығынан айырылған адамдардың еңбегiне ақы төлеу шарттары мен тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 8 қаңтардағы N 20  қаулысына: 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Бас бостандығынан айырылған адамдардың еңбегiне ақы төлеудiң шарттары мен тәртiбi туралы ережеде: 
15-тармақтағы "Iшкi iстер" деген сөздер "Әдiлет" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігiнің мәселелерi"  туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 11 наурыздағы N 223  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 8, 63-құжат): 
көрсетілген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі туралы ережеге: 
1-тармақтың екiншi абзацындағы "Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегi комитет" деген сөздер алынып тасталсын; 
он алтыншы, он жетiншi және он сегiзiншi абзацтар алынып тасталсын; 
Полная версия
ИС BestProfi