Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 30.04.2013 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшудың негізгі қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 103 Қаулысы
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшудың негізгі қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстігінде ұшудың негiзгi ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 шілдедегі № 712 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 30, 290-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 сәуірдегі № 340 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 11-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 15, 148-құжат);
3) «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне авиация мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 2 ақпандағы № 61 қаулысының 1-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 9, 109-құжат).
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 18 қаңтардағы
 № 103 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшудың негізгі қағидалары
1. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшудың негізгі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиация стандарттарының талаптарын ескере отырып, «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Осы Қағидалар негізгі қағидаларды, ұшуды ұйымдастыру, қамтамасыз ету және орындауды, әуе қозғалысына қызмет көрсетуді (бұдан әрі - ӘКҚҚ) және әуе қозғалысын басқаруды (бұдан әрі - ӘҚБ) регламенттейтін Қазақстан Республикасының авиациясы қызметі саласында нормативтік-құқықтық акті болып табылады.
3. Қағидалар Қазақстан Республикасының мемлекеттік және тіркеу танымдық белгілері бар мемлекеттік, азаматтық және экспериментальды авиацияның (меншік нысанына қарамастан) әуе кемелеріне (бұдан әрі - ӘК), шетелде тіркелген қазақстандық пайдаланушыларға, шетелде тіркелген әуе кемелеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшуларды орындайтын шетел әуе кемелерінде пайдаланылады.
Егер ұшу орындалып жатқан әуе кеңістігі шетел мемлекетінің ұшу заң талаптары мен қағидалары, осы ұшу Қағидаларының талаптарынан ерекшеленсе, онда сол мемлекеттің заң талаптары мен ережелері қолданылады.
4. Әуе кемесін пайдаланушы (иесі) ұшу Қағидаларына сәйкес ұшуды ұйымдастыруды, жоспарлауды және орындауды қамтамасыз етеді.
ӘҚҚ және ӘҚБ органдары, әуежайлар, аэроклубтар апатқа ұшыраған немесе зардап шеккен әуе кемелері, сондай-ақ қауіптегі адамдар туралы кез келген ақпарат алған кезінде осы Қағидаларда айқындалатын тәртіппен қажетті көмек көрсету бойынша барлық шараларды қабылдауға міндетті және іздестіру-құтқару операцияларын жүргізу жоспарына сәйкес іздестіру-құтқару командаларын, мемлекеттік органдардың апаттық-құтқару қызметтерін, әуе кемелерін пайдаланушыларын, сондай-ақ уәкілетті органның құзыреті шеңберінде авиациялық оқиғаның тергеу жұмыстарының жүргізілуін ұйымдастыру мақсатында азаматтық және мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органдарға хабар беруі тиіс.
Полная версия
ИС BestProfi