Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 30.11.2016
Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi қолдануға құқылы қару-жарақ пен арнайы құралдардың нормалары мен тiзбесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2003 жылғы 17 ақпан N 163
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 30 қарашадан бастап ҚР Үкіметінің 21.11.2016 жылғы № 717 Қаулысына сәйкес
Редакция 29.01.2004 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10, 11-баптарын  iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi қолдануға құқылы қapу-жарақ пен арнайы құралдардың нормалары мен тiзбесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулыны iске асыру тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттiгiн (қаржы полициясы) ұстауға көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүргiзiлсiн.  
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.01.2004. № 100 қаулысымен. (17.02.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
 2003 жылғы 17 ақпандағы
 N 163 қаулысымен
 бекiтiлген
Бейбiт және соғыс уақытында пайдаланылатын Қазақстан  
  Республикасының қаржы полициясы органдарының  
  қызметкерлерi және Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттiгiнiң (қаржы полициясы) оқу орындары үшiн қарулар мен оқ-дәрiлер нормалары мен  
  тiзбесi 
тізбе өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.01.2004. № 100 қаулысымен. (17.02.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
1.  5,45 мм ПCM пистолетi*   1 дана Қазақстан Республикасы 
немесе ұңғы ұзындығы 100        Экономикалық және сыбайлас 
мм-ден аспайтын барлық          жемқорлық қылмысқа қарсы күрес 
түрдегi пистолеттер,            жөнiндегi агенттiгiнiң (қаржы 
Полная версия
ИС BestProfi