1. Қоса берілiп отырған:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 03.07.2009 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбiр мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы N 1132 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесін одан әрi жетiлдiру жөнiндегі шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегі N 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігi туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгінің Мемлекеттiк еңбек инспекторы туралы ереже;
3) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 30.11.2007. № 1159 Қаулысымен) (11.06.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(қол қойылған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
4) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн.
2. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 30.11.2007. № 1159 Қаулысымен) (11.06.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(қол қойылған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Көшi-қон комитетi және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті құрылсын.
4. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 30.11.2007. № 1159 Қаулысымен) (11.06.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(қол қойылған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
5. Қазақстан Республикасы Көшi-қон және демография агенттігiнiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерi Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көшi-қон комитетінiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерi болып қайта ұйымдастырылсын.
6. Қоса беріліп отырған:
1) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 30.11.2007. № 1159 Қаулысымен) (11.06.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(қол қойылған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
2) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 30.11.2007. № 1159 Қаулысымен) (11.06.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(қол қойылған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
3) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Көшi-қон комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерiнiң тiзбесi;
4) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі;
4) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі бекiтiлсiн.
6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 29 қыркүйектегі № 859 Қаулысымен.(2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
7. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешiмдерiнiң күші жойылды деп танылсын.
8. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгi осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
Полная версия