Близость слов: Окончание:





"Мемлекеттік аннуитеттiк компания" өмiрдi сақтандыру компаниясы" акционерлiк қоғамының кейбiр мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қыркүйектегі N 937 Қаулысы       
Редакция 23.09.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгiне "Мемлекеттiк аннуитеттік компания" өмiрдi сақтандыру компаниясы" акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiне иелiк ету және пайдалану құқығын берсiн.
2. Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659  қаулысында: 
Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тiзбесiнде: 
"Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне" деген бөлiмде: 
реттiк нөмiрi 217-7-жол алынып тасталсын; 
"Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігіне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 279-1-жолмен толықтырылсын: 
"279-1     "Мемлекеттік аннуитеттік компания" өмiрдi                    сақтандыру компаниясы" АҚ";
2) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 24.04.2008 жылғы № 387 Қаулысымен (21.09.2005 ж. редакцияны қараңыз)
3) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 23.09.2014 жылғы № 1005 Қаулысымен (24.04.2008 ж. редакцияны қараңыз)
3. Осы қаулы қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Полная версия
ИС BestProfi