Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы N 25 Қаулысы
Редакция 23.09.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 6 қаңтардағы N 25 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 05.08.2013 жылғы № 796 Қаулысымен (20.05.2010 ж. редакцияны қараңыз)
2. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс Басқармасының мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 29 қарашадағы N 1455 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 45, 230-құжат):
көрсетiлген қаулыға 1-қосымшадағы "Оқжетпес" санаторийi Көкшетау облысы, Бурабай поселкесi" деген жол алынып тасталсын;
көрсетiлген қаулыға 2-қосымша мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Оқжетпес" санаторийi" АҚ".
3. "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк yлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен yлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
"Ақмола облысы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 13-9-жолмен толықтырылсын:
"13-9 "Оқжетпес" санаторийi АҚ";
"Астана қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 21-67, 21-68, 21-69-жолдармен толықтырылсын:
"21-67 Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң "Сақшы-На страже" ЖШС
21-68 "Өрт сөндiрушi" АҚ
21-69 "Өндiрiстiк-пайдалану кәсiпорны" ЖШС";
"Алматы қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 123-101-жолмен толықтырылсын:
"123-101 "Алматы протездiк-ортопедиялық орталығы" АҚ";
"Шығыс Қазақстан облысы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 165-11-жолмен толықтырылсын:
"165-11 "Семей протездiк-ортопедиялық орталығы" АҚ";
"Солтүстiк Қазақстан облысы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 280-4-жолмен толықтырылсын:
"280-4 "Петропавл протездiк-ортопедиялық орталығы" АҚ".
4. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк yлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында:
Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттiк үлестерiнiң тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 20-4-жолмен толықтырылсын:
"20-4 "Өндiрiстiк-пайдалану кәсiпорны" ЖШС";
"Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы 217-9-жолмен толықтырылсын:
"217-9 АЛА-005430 "Қазақстанның ипотекалық кредиттерге кепiлдiк беру қоры" АҚ";
"Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс басқармасына" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 238-9-жолмен толықтырылсын:
"238-9 "Оқжетпес" санаторий" АҚ";
"Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 266-5-жолмен толықтырылсын:
"266-6 Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң "Сақшы-На страже" ЖШС";
"Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 279-2, 279-3, 279-4-жолдармен толықтырылсын:
"279-2 "Алматы протездiк-ортопедиялық орталығы" АҚ
279-3 "Семей протездiк-ортопедиялық орталығы" АҚ
279-4 "Петропавл протездiк-ортопедиялық орталығы" АҚ";
мынадай мазмұндағы бөлiммен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау комитетiне"
296 "Өрт сөндiрушi" АҚ".
5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 20.05.2010 жылғы № 454 Қаулысымен (24.04.2008 ж. редакцияны қараңыз)
6. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
6-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 24.04.2008 жылғы № 387 Қаулысымен (06.01.2006 ж. редакцияны қараңыз)
7. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
7-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 23.09.2014 жылғы № 1005 Қаулысымен (05.08.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Полная версия