Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 07.06.2010 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау, қайта даярлау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 мамырдағы N 402 Қаулысы
"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1) Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау, қайта даярлау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі; 
2) көлік құралдары жүргізушілерін даярлау, қайта даярлау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2007 жылғы»21»мамырдағы
 N 402 қаулысымен
 бекітілген
Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау, қайта даярлау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі
1. Осы Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау, қайта даярлау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының " Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы " 1995 жылғы 21 желтоқсандағы, " Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы " 1996 жылғы 15 шілдедегі және " Лицензиялау туралы " 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес әзірленген және көлік құралдары жүргізушілерін даярлау, қайта даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиялар беру тәртібін белгілейді.
2. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау, қайта даярлау жөніндегі қызметті лицензиялауды жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - лицензиар) жүзеге асырады.
3. Біліктілік деңгейі осы Ереженің талаптарына сәйкес келетін жеке және заңды тұлғалар көлік құралдары жүргізушілерін даярлау, қайта даярлау саласындағы лицензиялау субъектілері болып табылады.
4. Лицензия иеліктен шығарылмайды және оны лицензиат басқа жеке немесе заңды тұлғаға бере алмайды.
5. Лицензия алу үшін жеке және заңды тұлғалар лицензиарға мынадай құжаттарды ұсынады: 
2) заңды тұлға үшін - жарғының және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмелерін; 
Полная версия
ИС BestProfi