Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 29.10.2004 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Туристiк қызметтi лицензиялау ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 14 қыркүйек N 1213       
Қазақстан Республикасының "Лицензиялау туралы"  1995 жылғы 17 сәуiрдегi және "Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы" 2001 жылғы 13 маусымдағы  Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 
1. Қоса берiлiп отырған Туристiк қызметтi лицензиялау ережесi 
бекiтiлсiн.
     
2. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай 
өзгерiстер енгiзілсiн:
     1) "Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензия алымын 
төлеудiң тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы 
Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 16 тамыздағы N 1127  

 
  қаулысына 
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 28, 337-құжат):
     көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу 
құқығы үшiн лицензия алымын төлеудiң тәртiбi туралы ережеге қосымшада:
     1-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
     "11) туристiк операторлық қызмет              5
          туристiк агенттiк қызмет                15
          экскурсиялық қызмет                      5
          туризм нұсқаушысының қызметiн көрсету    1";
     2) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 
2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1995 
жылғы 29 желтоқсандағы N 1894  

 
  қаулысына (Қазақстан 
Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат):
     көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
     реттік саны 36-жолдың 3-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
     "туристік операторлық қызмет,
     туристік агенттік қызмет,
     экскурсиялық қызмет,
     туризм нұсқаушысының қызметін көрсету";
3) "Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1755  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 505-құжат): 
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi туралы ережеде: 
11-тармақтың 15-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: 
"15-1) туристiк агенттiк қызметтi, туристiк операторлық қызметті, 
экскурсиялық қызметтi, туризм нұсқаушысының қызметiн көрсетудi 
лицензиялауды жүзеге асырады;".
     
3. "Туристiк қызметтi лицензиялау мәселелерi" туралы Қазақстан 
Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 7 ақпандағы N 179  

 
  қаулысының 
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 5-6, 71-құжат) 1 және 
2-тармақтарының күшi жойылды деп танылсын.
     4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және 
жариялануға тиiс.
     
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі
     
                                    Қазақстан Республикасы Үкіметінің
                                       2001 жылғы 14 қыркүйектегі
                                      N 1213 қаулысымен бекітілген
                Туристiк қызметті лицензиялау ережесi
                          1. Жалпы ережелер
1. Осы ереже "Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы  Заңына (бұдан әрi - "Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы" Заң), "Лицензиялау туралы"  Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Заңына (бұдан әрi - "Лицензиялау туралы" Заң), өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес әзiрлендi және уәкiлеттi органның-лицензиардың туристiк қызметтi (туроператорлық, турагенттiк, экскурсияларды, қызметтердi және туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуiн) жүзеге асыру құқығына мемлекеттiк лицензия беру тәртiбiн, шарттарын, есебiн жүргiзуiн белгiлейдi. 
2. Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен белгiленген талаптарды сақтаса, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына лицензия алу құқығы берiледi. 
3. Шетелдiк заңды тұлғалар және олардың Қазақстан Республикасының аумағында құрылған әрi турагенттiк қызметтi жүзеге асырушы филиалдары мен өкiлдiктерi Қазақстан Республикасының туристiк ұйымдарына арналған сондай шарттармен және тәртiппен лицензиялануы тиiс. 
4. Туристiк қызметтi (туроператорлық, турагенттiк, экскурсиялық және 
туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуiн) жүзеге асыру құқығы үшiн берiлетiн 
лицензия бас лицензия болып табылады.
     
5. Лицензияның күшi Қазақстан Республикасының барлық аумағында жүредi.
     6. Өтiнушi лицензия алғаннан кейін лицензия берiлген кезден бастап 
жетi ай iшiнде көрсетілетiн туристiк қызметтерге сертификат алуға 
мiндеттi, содан кейiн олардың көшiрмелерiн лицензиарға тапсырады.
             2. Лицензия беру тәртібі мен шарттары
     
     7. Лицензия мынадай туристік қызмет түрлерінің әрқайсысына беріледі:  
     1) туроператорлық;
     2) турагенттiк;
     3) экскурсиялық;
     4) туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуi.
8. Заңды тұлға-өтiнушiнiң филиалдары мен өкiлдiктерi соның құрамында лицензияланады. Филиал немесе өкiлдiк туралы ереже мен тiркеу құжаттары лицензиарға көрсетiлуi тиiс. 
9. Заңды тұлға-өтiнушi филиал немесе өкiлдiк ашқан жағдайда, 30 күн ішiнде лицензиарды хабардар етедi. 
10. Лицензия субъектiге немесе оның уәкiлеттi өкiлiне сенiмхат негiзiнде берiледi. 
11. Лицензия бiр данада берiледi, лицензия жоғалған жағдайда, 
лицензиаттың жазбаша өтiнiш бойынша төлқұжат алуға құқығы бар. Бұл ретте 
лицензиат туристiк қызметтiң тиiстi түрiмен айналысу құқығы үшiн алым 
(бұдан әрi - лицензиялық алым) төлейдi.
     1
2. Заңды тұлғаның атауы, орналасқан жерi өзгерген жағдайда, ол бiр 
ай iшiнде көрсетiлген мәлiметтердi растайтын құжаттарды қосып, лицензияны 
қайта рәсiмдеу туралы өтiнiш беруге мiндеттi. Лицензиат тиiстi жазбаша 
өтiнiш берген күннен бастап лицензиар он күн ішiнде лицензияны қайта 
рәсiмдейдi.
     13. Лицензия "Лицензия туралы" Заңмен белгiленген мерзiмге берiледi.
     14. Лицензиардың басшысы не осыған уәкiлетті адам лицензияға қол 
қояды және лицензиардың мөрiмен куәландырылады.
     15. Туристiк қызметтiң тиiстi түрiмен айналысу құқығына лицензия 
өтiнушiге осы Ереженiң 3-бөлiмiнде көрсетiлген білiктiлiк талаптарына сай 
келген жағдайда берiледi.
     16. Туроператорлық қызметтi жүзеге асыруға лицензия алу үшiн мынадай 
құжаттар қажет:
     1) белгiленген нысан бойынша өтiнiш;
     2) лицензиялық алым төлегенiн растайтын құжат;
     3) жарғының нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
     4) кеңсеге арналған меншiктi немесе жалға алынған үй-жайы бар 
екендiгiн растайтын құжат;
Полная версия
ИС BestProfi