Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 19.08.2005 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Туристiк қызметтi лицензиялау ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 14 қыркүйек N 1213       
Қазақстан Республикасының " Лицензиялау туралы " 1995 жылғы 17 сәуiрдегi және "Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы" 2001 жылғы 13 маусымдағы     Заңдарына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Туристiк қызметтi лицензиялау ережесi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзілсiн: 
1) "Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензия алымын төлеудiң тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 16 тамыздағы N 1127    қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 28, 337-құжат): 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензия алымын төлеудiң тәртiбi туралы ережеге қосымшада: 
1-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: 
"11) туристiк операторлық қызмет              5              туристiк агенттiк қызмет                15              экскурсиялық қызмет                      5              туризм нұсқаушысының қызметiн көрсету    1"; 
2) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат): 
реттік саны 36-жолдың 3-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: 
"туристік операторлық қызмет,         туристік агенттік қызмет,         экскурсиялық қызмет,         туризм нұсқаушысының қызметін көрсету"; 
3)   Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3)-тармақшаның күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.10.2004. № 1130 қаулысымен. (14.09.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
3. "Туристiк қызметтi лицензиялау мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 7 ақпандағы N 179  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 5-6, 71-құжат) 1 және 2-тармақтарының күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
 2001 жылғы 14 қыркүйектегі
 N 1213 қаулысымен бекітілген
Туристiк қызметті лицензиялау ережесi
Полная версия
ИС BestProfi