1. "Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым ставкаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 24 қаңтардағы N 100 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 5, 30-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
Внимание! Документ утратил силу с 19.07.2007
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 24 қаңтардағы N 100 қаулысына өзгерiс енгiзу және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 наурыздағы N 168 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы yшiн лицензиялық алым ставкаларында:
4-тармақтың 27) тармақшасы алынып тасталсын.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң мiндетiн атқарушы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 15 наурыздағы N 168 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi
1. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 9 тамыздағы N 987 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгертулердiң 21-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 33, 313-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 8 сәуiрдегi N 505 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 9-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 15, 121-құжат).
3. "Республикаға iзгiлiк көмек желiсi бойынша импортталған дәрi-дәрмектер мен медициналық жабдықтың импортын лицензиялау мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 14 желтоқсандағы N 1283 қаулысының 2-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 48, 428-құжат).
4. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1996 жылғы 16 тамыздағы N 1127 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 31 мамырдағы N 669 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 23, 230-құжат).
5. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 7 маусымдағы N 708 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар тiзбесiнiң 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 26, 243-құжат).
6. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 16 тамыздағы N 1127 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 20 тамыздағы N 1218 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 41, 373-құжат).
7. "Туристiк қызметтi лицензиялау мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 7 ақпандағы N 179 қаулысының 3-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 5-6, 71-құжат).
8. "Астықты астық қабылдау кәсiпорындарында сақтау жөнiндегi қызметтi лицензиялаудың жекелеген мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 22 ақпандағы N 273 қаулысының 2-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 9-10, 102-құжат).
9. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 2 наурыздағы N 344 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 13-14, 132-құжат).
10. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 16 тамыздағы N 1127 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 22 қыркүйектегi N 1439 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 41, 467-құжат).
11. "Жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды лицензиялауға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 30 қыркүйектегi N 1481 қаулысының 2-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 41, 479-құжат).
12. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 сәуiрдегi N 522 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 14, 184-құжат).
13. "Банкроттық рәсiмдерде төлем жасауға қабiлетi жоқ борышкерлердiң мүлкiн және iстерiн басқару жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 28 сәуiрдегi N 581 қаулысының 2-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 15, 204-құжат).
14. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне Қазақстан Республикасында көлiктегi қызметтi лицензиялау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 21 тамыздағы N 1095 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 30, 388-құжат).
15. "Туристiк қызметтi лицензиялау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 14 қыркүйектегi N 1213 қаулысының 2-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж. N 33, 428-құжат).
16. "Мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi лицензиялаудың мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 2 қарашадағы N 1389 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзілетiн өзгерiстердiң 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 39, 490-құжат).
17. "Елтаңбалық қағазды шығару қызметiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 6 желтоқсандағы N 1580 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., N 45-46, 537-құжат).
Полная версия