Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 02.06.2007 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгізу және Қазақ КCP Министрлер Кабинетiнiң, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 қыркүйектегі N 964 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы N 210 қаулысымен бекітілген Мемлекет басшысының "Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жeдeл жаңару жолында" атты Қазақстан халқына 2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдауын iске асыру жөніндегi жалпыұлттық жоспардың іс-шараларын орындаудың желілік кестесiнің 58.5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне енгізiлетін өзгерістер бекітілсiн.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақ КCP Министрлер Кабинетінің, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізiледi.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінiң
 2005 жылғы 29 қыркүйектегі
 N 964 қаулысымен
 бекітiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізілетін өзгерiстер
1. "Тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж мемлекеттік қызметшілерге жеке тұрғын үй caлу үшін жер учаскелерiн берудiң тәртібi мен шарттары жөніндегi epeжeнi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 1996 жылғы 7 маусымдағы N 720  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 27, 235-құжат): 
кiрiспедегі "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2730 Жарлығының 26-бабының" деген сөздер "Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 маусымдағы Заңының 24-бабының" деген сөздермен ауыстырылсын; 
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж мемлекеттік қызметшілерге жеке тұрғын үй салу үшін жер учаскелерiн берудiң тәртібі мен шарттары жөнiндегі ережеде: 
"0,15" деген сандар "0,10" деген сандармен ауыстырылсын; 
"("Азаматтар мен заңды ұйымдарға жер учаскелерін беру нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 8 сәуiрдегi N 401 қаулысымен белгiленген азаматтарға тұрғын үйдi салу және қызмет көрсету үшін жер учаскелерiн беру нормаларынан айырмашылығы - 0,1 гектар)" деген сөздер алынып тасталсын.
2. "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат): 
көрсетiлген қаулымен бекiтілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесiнде: 
"Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі" деген бөлiмде: 
"Байланыс" деген кiші бөлімдегі реттiк нөмiрi 58-жол алынып тасталсын.
Полная версия
ИС BestProfi