Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 28.05.2008 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Білім беру қызметіне қойылатын лицензиялау ережесі мен оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы N 452 Қаулысы       
Қазақстан Республикасының»" Білім туралы " 1999 жылғы 7 маусымдағы және»" Лицензиялау туралы " 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі   ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1) Білім беру қызметін лицензиялау ережесі; 
2) білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2007 жылғы 2 маусымдағы
 N 452 қаулысымен
 бекітілген
Білім беру қызметін лицензиялау ережесі
1. Заңды тұлғалардың білім беру қызметі ведомстволық бағыныстылығы мен меншік нысандарына қарамастан, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялануға тиіс.
2. Білім беру қызметінің мынадай кіші түрлері лицензиялануға тиіс: 
мектепке дейінгі және мектептен тыс ұйымдардың білім беру қызметі; 
мамандандырылған және арнайы білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру қызметі; 
жалпы бастауыш, жалпы негізгі немесе жалпы орта, кәсіптік бастауыш, оның ішінде кәсіптер бойынша, орта кәсіптік, жоғары кәсіптік, жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік, оның ішінде мамандықтар бойынша білім берудің негізгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру қызметі; 
діни білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру қызметі; 
халықаралық және шетелдік заңды тұлғалардың білім беру қызметі.
Полная версия
ИС BestProfi