Қазақстан Республикасының " Білім туралы " 2007 жылғы 27 шілдедегі және " Лицензиялау туралы " 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 05.12.2009 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Білім беру қызметіне қойылатын лицензиялау ережесі мен оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы N 452 Қаулысы
1. Қоса беріліп отырған:
1) Білім беру қызметін лицензиялау ережесі;
2) білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы N 452 қаулысымен бекітілген
Білім беру қызметін лицензиялау ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Заңды тұлғалардың білім беру қызметі ведомстволық бағыныстылығы мен меншік нысандарына қарамастан, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялануға тиіс.
2. Білім беру қызметінің мынадай кіші түрлері лицензиялануға тиіс:
мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқытудың және балаларға қосымша білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт бойынша қосымша білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру қызметі;
мамандандырылған және арнайы білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру қызметі;
бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру, оның ішінде кәсіптер бойынша, орта оқу орнынан кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің, оның ішінде мамандықтар бойынша негізгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру қызметі;
діни білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру қызметі;
халықаралық және шетелдік заңды тұлғалардың білім беру қызметі.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.05.2008 № 506 Қаулысымен (02.06.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
Полная версия