1. Қоса беріліп отырған Білім беру ұйымдарын аккредиттеу ережесі бекітілсін.
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 30.12.2009 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Білім беру ұйымдарын аккредиттеу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1385 Қаулысы
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аккредитациялаудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 шілдедегі N 976 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 27, 338-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 шілдедегі N 976 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 24 қаңтардағы N 98 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 5, 29-құжат);
3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 қыркүйектегі N 964 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 6-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 36, 500-құжат).
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1385 қаулысымен бекітілген
Білім беру ұйымдарын аккредиттеу ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Білім беру ұйымдарын аккредиттеу ережесі "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес білім беру ұйымдарын аккредиттеуді ұйымдастыру мен жүзеге асырудың тәртібін анықтайды.
2. Білім беру саласындағы уәкілетті орган жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын аккредиттеуді ұйымдастырады.
3. Аккредиттеуді меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарының өтініші негізінде аккредиттеу органдары жүзеге асырады.
Аккредиттеу институционалдық және мамандандырылған түрде жүзеге асырылады.
4. Аккредиттеу органы әзірлеген стандарттар мен критерийлерге білім беру ұйымы қызметінің сәйкестігін бағалау негізінде білім беру ұйымдарын аккредиттеу жүргізіледі.
5. Қазақстан Республикасының аумағында құрылған халықаралық және шетелдік білім беру ұйымдары немесе олардың филиалдары аккредиттеуден Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарын аккредиттеу шарттарымен және тәртібімен өткізіледі.
Полная версия