Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 28.04.2008 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кірістер туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі N 633 Қаулысы
Мемлекеттік меншікті басқарудың тиімділігін арттыру және республикалық бюджеттің кіріс бөлігін толтыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) осы қаулыға  1-қосымшада  көрсетілген акционерлік қоғамдар - ұлттық холдингтер, ұлттық басқарушы компания және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестердің ұсынымдарын ескере отырып, акционер ретінде мемлекет мүддесін білдіретін мемлекеттік органның шешіміне сәйкес акцияларға дивидендтер есептеуді жүзеге асырады; 
2) осы қаулыға  2-қосымшада  көрсетілген акционерлік қоғамдар - ұлттық компаниялар Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін орта мерзімді даму жоспарларына сай, акционер ретінде мемлекет мүддесін білдіретін мемлекеттік органның шешіміне сәйкес акцияларға дивидендтер есептеуді жүзеге асырады; 
3) осы қаулыға  3-қосымшада  көрсетілген жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар 2007 жылдың қорытындылары бойынша таза кірістің 50 (елу) пайызын акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуге жұмсайды, 2008 жылдан бастап таза кірістің 15 (он бес) пайызын акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуге жұмсайды деп белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2008 жылдан бастап белгіленген тәртіппен осы қаулыға 3-қосымшада көрсетілген акционерлік қоғамдардың иелігінде қалатын таза кірістің бір бөлігін олардың материалдық-техникалық базасын дамытуға және жетілдіруге жұмсауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулыға 1, 2, 3-қосымшаларда көрсетілмеген акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер деп мемлекеттік қатысу үлестерін иелену мен пайдалану құқығын жүзеге асыратын министрліктер мен ведомстволар белгіленген тәртіппен акционерлердің, қатысушылардың жылдық жалпы жиналыстарын өткізу кезінде дивидендтерге және қатысу үлесінен кіріске таза кірістің кемінде 50 (елу) пайызын жұмсау және оларды уақтылы аудару үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулыға  4-қосымшаға  сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2007 жылғы 26 шілдедегі
 N 633 қаулысына
 1-қосымша
Ұлттық холдингтер, ұлттық басқарушы компания және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар тізбесі
1. "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" АҚ. 
4. "Самғау" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" АҚ. 
5. "Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ. 
Полная версия
ИС BestProfi