1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кірістер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 633 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
Внимание! Документ утратил силу с 27.03.2020
"Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кірістер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 633 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 ақпандағы № 234 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 27.03.2020 жылғы № 142 Қаулысына сәйкес
Білім беру кредиттеріне кепілдік беру жүйесінің орнықты және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«3-1) ақшалай нысанда орындалуды көздейтін білім беру кредиттері бойынша кепілдіктер беруді жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы республикалық меншіктегі «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамы 2010 - 2020 жылдардың қорытындылары бойынша акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуден босатылады;».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Полная версия