Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 06.04.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы N 1251 Қаулысы
"Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы N 827 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2009 жылғы 27 тамыздағы
 N 1251 қаулысымен
 бекітілген
Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесі
1. Осы Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) мемлекеттік басқарудың орталық және жергілікті деңгейлерінде әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу тәртібін, орталық және жергілікті атқарушы органдардың оны әзірлеу бойынша өзара іс-қимыл тетігін айқындайды.
2. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспары, мемлекеттік бағдарламалар және Қазақстан Республикасы Президентінің жолдаулары ескеріле отырып, стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлаудағы өзара байланысты орнату мақсатында мемлекеттік басқарудың орталық және жергілікті деңгейлерінде жыл сайын жылжымалы негізде бес жылдық кезеңге әзірленеді және мыналарды:
1) мемлекеттік басқарудың орталық деңгейінде - жылдар бойынша бөліп көрсете отырып, макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамын, әлеуметтік параметрлердің болжамын, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының үрдістерін, басымдықтарын, мақсатты индикаторлары мен көрсеткіштерін;
2) мемлекеттік басқарудың жергілікті деңгейінде - жылдар бойынша бөліп көрсете отырып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын, үрдістерін, басымдықтарын, мақсатты индикаторлары мен көрсеткіштерін;
3) үш жылға арналған бюджет параметрлерінің болжамын қамтиды.
3. Республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы - мемлекеттік басқарудың орталық деңгейінде әзірленетін әлеуметтік-экономикалық даму болжамы.
4. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамы - мемлекеттік басқарудың жергілікті деңгейінде әзірленетін әлеуметтік-экономикалық даму болжамы.
5.Республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді.
Республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын Қазақстан Республикасының Үкіметі мақұлдайды.
Полная версия
ИС BestProfi