Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 наурыздағы N 399 Қаулысы
Редакция 27.03.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 наурыздағы N 399 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы N 220 Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы N 1247 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 49, 518-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген "ҚазАгро" ұлттық холдингі" акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:
"ҚазАгро" ұлттық холдингі" АҚ-ның функциялары" деген 4-бөлімнің екінші абзацында "ҚазАгро" ұлттық холдингі" АҚ-ны дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңес қабылдаған шешімдер негізінде" деген сөздер алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен "ҚазАгро" ұлттық холдингі" АҚ арасындағы өзара қарым-қатынастар" деген 5-1-бөлім алынып тасталсын.
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Yкіметінің 18.04.2014 жылғы № 377 Қаулысымен (25.03.2009 ж. редакцияны қараңыз)
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 мамырдағы N 363 қаулысында:
1-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер туралы ережеде:
2-тармақта "ҚазАгро" ұлттық холдингі"," деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы "ҚазАгро" ұлттық холдингі" акционерлік қоғамын дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің құрамы алынып тасталсын.
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 27.03.2020 жылғы № 142 Қаулысына сәйкес (31.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)
5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 31.12.2015 жылғы № 1183 Қаулысымен (18.04.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
Полная версия