Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 27.03.2020
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі N 633 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 қарашадағы N 1903 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 27.03.2020 жылғы № 142 Қаулысына сәйкес
1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер және ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кірістер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі N 633 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
"2-1) акцияларының жүз пайызы мемлекеттік меншіктегі "Алматы" санаторийі" акционерлік қоғамы 2008 - 2010 жылдардың қорытындылары бойынша акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуден босатылады;";
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы (келісім бойынша) белгіленген тәртіппен "Алматы" санаторийі" акционерлік қоғамының иелігінде қалатын таза кірісті оның материалдық-техникалық базасын дамытуға жұмсауды қамтамасыз етсін.";
3-тармақ "Осы" деген сөзден кейін "қаулының 1-тармағының 2-1) тармақшасында және осы" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Полная версия