1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 желтоқсандағы N 1197 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) "Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамытудың және қолдаудың 2004-2006 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 ақпандағы N 149 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 6, 88-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 ақпандағы N 149 және 2004 жылғы 23 қарашадағы N 1229 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1375 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы;
3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 қаңтардағы N 73 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 14-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы,, N 4, 40-құжат).
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Полная версия