Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 31.03.2010 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 маусымдағы N 610 Қаулысы
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қарамағындағы ұйымдар Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің қарамағына берілсін.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 маусымдағы N 610 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің қарамағына берілетін ұйымдардың тізбесі
тізбе өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.12.2008 № 1226, 30.01.2010 № 43 Қаулыларымен. (26.06.2008 жылғы редакцияны қараңыз)
Театрлар
1. "Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
2. "Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
3. "М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
4. "М. Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
5. "Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
6. "Н. Сац атындағы Орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
7. "Республикалық мемлекеттік ұйғыр музыкалық комедия театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
8. "Республикалық мемлекеттік корей музыкалық комедия театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Полная версия