Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 11.06.2007 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 тамыздағы N 853 Қаулысы       
Қазақстан Республикасының " Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасында өкiлеттiктердiң аражігін ажырату және бюджеттiк қатынастар мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы " 2004 жылғы 20 желтоқсандағы және " Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актілерiне лицензиялау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы " 2005 жылғы 15 сәуiрдегi Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі   ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлсiн:
1) "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат): 
көрсетілген қаулыға 1-қосымша мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 27-1-жолмен толықтырылсын: 
"27-1 Облыстық (республикалық  турагенттік туроператорлық         маңызы бар қаланың,      қызметтi және туризм         астананың) атқарушы      нұсқаушысының қызметтерiн         органдар                 жүзеге асыру";
2) "Туристік қызметтi лицензиялау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 14 қыркүйектегі N 1213  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 33, 428-құжат): 
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Туристік қызметтi лицензиялау ережесiнде:
", экскурсияларды," деген сөз алынып тасталсын; 
"уәкiлетті органның - лицензиардың" деген сөздер "облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдардың - лицензиардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы ", экскурсиялық" деген сөз алынып тасталсын;
6-тармақта "жеті ай iшiнде" деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбеге сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын; 
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын: 
"7-1. Лицензияны облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы орган лицензиатқа заңды тұлғалар үшiн - оның әдiлет органдарында тіркелген жері бойынша, жеке тұлғалар үшiн - салық органдарында тiркелген жерi бойынша бередi.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
"Лицензиат қызметтiң осы түрiмен айналысатын филиалдар (өкiлдiктер) ашқан жағдайда лицензиат филиалдың (өкiлдiктiң) есептiк тiркелу орны бойынша орналасқан лицензиарға филиалдардың (өкілдiктердiң) осы Ереженiң 22, 23, 25-тармақтарында белгiленген бiлiктілiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарды ұсынады. Бұл ретте лицензиар он шешiм қабылданғаннан кейiн филиалдардың (өкілдiктердiң) орналасқан жерiн көрсете отырып, лицензияға қосымшаны ресiмдейдi.";
Полная версия
ИС BestProfi