Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.07.2011
Қазақстан Республикасының Кеден кодексі
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 сәуірдегі N 401 Кодексі        Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 сәуірдегі N 401 Кеден кодексінің Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР 01.07.2011 бастап күшін жоятын 19-баптың 12-1) тармақшасын және 27-баптың 2-тармағын қоспағанда, ҚР 30.06.2010 № 298-IV Заңымен. (30.06.2010 жылғы редакцияны қараңыз)
2011 жылғы 1 шілдеден бастап күшін жоятын 19-баптың 12-1) тармақшасын және 27-баптың 2-тармағын қоспағанда, ҚР 30.06.2010 № 298-IV Заңымен күшін жойды
ҚР 22.11.2005 № 89 Заңымен енгізілген өзгерістер 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілуі тиіс (02.04.2010 жылғы редакцияны қараңыз)(2-бапты қараңыз). Қажет болған жағдайда "Заң" Деректер базасының 5 версиясының алдыңғы редакцияларын қараңыз. Бүкіл мәтін бойынша "кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган", "кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның", "Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган", "кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен", "кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органға", "кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органды" деген сөздер тиісінше "уәкілетті орган", "уәкілетті органның", "уәкілетті органмен", "уәкілетті органға", "уәкілетті органды" деген сөздермен ауыстырылды ҚР 26.07.2007 № 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) Заңымен
 Бүкіл мәтін бойынша "контрафактылы тауарлар", "контрафактылы болып табылатын", "контрафактылы тауарларды", "контрафактылы тауарды", "контрафактылы емес", "контрафактылы болып табылады", "контрафактылы", "тауарлар контрафактылы", "тауарлар контрафактылы деп танылмаған", "тауарлардың контрафактылық", "контрафактылық", "тауарлардың контрафактылығы", "Контрафактылы тауарды" деген сөздер "зияткерлік меншік құқығы бұзылған тауарларды", "зияткерлік меншік құқығы бұзылған", "тауарлардың зияткерлік меншік құқығы бұзылмаған", "тауарлардың зияткерлік меншік құқығы бұзылған", "зияткерлік меншік құқығы бұзылған тауарды", "тауарлардың зияткерлік меншік құқығы бұзылғандық", "Зияткерлік меншік құқығы бұзылған тауарды" деген сөздермен ауыстырылды ҚР 08.12.2009 № 224-IV Заңымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз)
Осы Кодекс Қазақстан Республикасындағы кеден ісінің құқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздерін белгілейді және Қазақстан Республикасының егемендігі мен экономикалық қауіпсіздігін қорғауға, Қазақстан экономикасының дүниежүзілік экономикалық қатынастар жүйесіндегі байланыстарын жандандыруға және сыртқы экономикалық қызметті ырықтандыруға бағытталған.
1-бап. Қазақстан Республикасындағы кеден ісі Қазақстан Республикасындағы кеден ісі тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізудің, кедендік ресімдеу мен кедендік бақылаудың, кедендік режимдерді қолданудың, кедендік төлемдері және салықтарды алудың, кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрес жүргізудің тәртібі мен шарттарын, мемлекет пен сыртқы экономикалық және өзге де қызметті жүзеге асырушы тұлғалардың арасындағы билік қатынастарына негізделген кеден саясатын іске асырудың басқа да құралдарын қамтиды.
1. Кеден ісі саласы - Қазақстан Республикасының кеден саясатын іске асыру кезінде кеден ісін қолдану жөніндегі мемлекеттік реттеу саласы. 
2. Осы Кодекспен реттелмеген кеден ісі саласына қатысты қатынастар Қазақстан Республикасының өзге заң  актілерімен реттеледі.
3-бап. Қазақстан Республикасының кеден саясаты
1. Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының құрамдас бөлігі болып табылатын бірыңғай кеден саясаты жүзеге асырылады. 
2. Кеден саясаты өз өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының қарауына жатады. 
3. Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуды ынталандыру және экономикалық мүдделерін қорғау, тиімді кедендік бақылауды қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген өзге де мақсаттар Қазақстан Республикасы кеден саясатының негізгі мақсаттары болып табылады.
4-бап. Қазақстан Республикасының кеден заңдары
1. Қазақстан Республикасының кеден заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Кодекстен, сондай-ақ қабылдануы осы Кодексте көзделген өзге де нормативтік  құқықтық актілерден тұрады. 
2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Кодекстегіден өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
5-бап. Қазақстан Республикасы кеден заңдарының уақыт жағынан қолданылуы
1. Кеден ісі саласында осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының кеден органы кеден декларациясы мен құжаттарын тіркеген күні қолданыста болған Қазақстан Республикасының кеден заңдары қолданылады. 
2. Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы осы Кодексте белгіленген талаптарды бұза отырып өткізу кезінде тауарлар мен көлік құралдары Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы іс жүзінде өткізілген күні қолданыста болған Қазақстан Республикасының кеден заңдары қолданылады. 
3. Егер тауарлар мен көлік құралдарының Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы іс жүзінде өткізілген күнін анықтау мүмкін болмаса, кеден ісі саласындағы құқық бұзушылық айқындалған күні қолданыста болған Қазақстан Республикасының кеден заңдары қолданылады.
Полная версия
ИС BestProfi