Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 31.01.2013 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарының жүріп өтуін регламенттейтін кейбір мәселелер
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1345 Қаулысы
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексін (Салық кодексі) іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарының жүріп өту және рұқсат құжаттарын беру ережесі бекітілсін. 
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 
1) "Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өтуін реттейтін кейбір мәселелер" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 қаңтардағы N 62 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 2-3, 18-құжат): 
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: 
кіріспедегі "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексін (Салық кодексі) іске асыру мақсатында" деген сөздер "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңына сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын; 
1-тармақтың 1) және 2) тармақшалары, 3-тармақ алынып тасталсын; 
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 қаңтардағы  N 62 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 24 желтоқсандағы N 1306 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 48, 543-құжат): 
1-тармақтың 1) және 2) тармақшалары алынып тасталсын. 
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 қаңтардағы  N 62 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 қаңтардағы N 39 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 2, 17-құжат). 
3. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2008 жылғы 31 желтоқсандағы
 N 1345 қаулысымен
 бекітілген Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарының жүріп өту және рұқсат құжаттарын беру ережесі
1) Қазақстан Республикасының аумағынан жолаушылар мен жүктерді халықаралық қатынаста тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының шығуын; 
Полная версия
ИС BestProfi