Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Внимание! Документ утратил силу с 04.01.2017
"Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарының жүріп өтуін регламенттейтін кейбір мәселелер" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1345 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 76 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 4 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 07.12.2016 жылғы № 778 Қаулысына сәйкес
1. «Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарының жүріп өтуін регламенттейтін кейбір мәселелер» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1345 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 49, 558-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарының жүріп өту және рұқсат құжаттарын беру ережесінде:
7-тармақ алынып тасталсын;
«11. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк рейстен керi бағытта қайтып бара жатқан шетелдiк жүк автокөлiк құралына Қазақстан Республикасының аумағында жолай жүк тиелген кезде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгiленген ставкалар бойынша Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өтуі үшiн алым сомасы төленгеннен кейiн уәкiлеттi орган беретiн Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүрiп өтуге қосымша рұқсаттың болуы қажет.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Полная версия