Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 02.07.2011 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 қыркүйектегі N 845 қаулысы
Автомобильдердiң және басқа да көлік құралдарының үздiксiз, қауiпсiз жүрiсiн қамтамасыз ету, жалпы пайдаланылатын мемлекеттiк автомобиль жолдарын салу және күтіп ұстау үшiн берiлген жерлердi жол органдарының ұтымды пайдалануы мақсатында және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы " 1994 жылғы 21 қыркүйектегi, "  Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы  " 1996 жылғы 15 шiлдедегi, "  Жер туралы  " 2001 жылғы 24 қаңтардағы, "  Автомобиль  жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегi Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
кіріспе өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.01.2003. № 30 қаулысымен. (01.07.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдарын пайдаланудың тәртібі; 
Жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарының жерлерін пайдаланудың тәртібі; 
Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлiгiнде сервис объектiлерi мен сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыру тәртiбi.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 1 шілдедегі № 711, 16.01.2003. № 30, 30.01.2007. № 71, 31 (01.07.2002 жылғы редакцияны қараңыз)(алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).12.2008. № 1312 Қаулыларымен.(2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. "Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдарын, жол ғимараттарын пайдалану Ережесін және оларды қорғау тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 20 сәуірдегі N 316 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 13, 160-құжат) күші жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
 1998 жылғы 5 қыркүйектегі
 N 845 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдарын пайдаланудың ТӘРТІБІ 
1. 
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.01.2003. № 30 қаулысымен. (01.07.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Осы Тәртіп жол қозғалысының қауіпсіздігін, жол мен құрылыстардың, сондай-ақ қоршаған ортаның сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдары пайдаланудың тәртібін белгілейді. Тәртіп барлық министрліктер мен  ведомстволарға, меншік нысанына қарамастан ұйымдарға, сондай-ақ барлық автомобиль жолдары бойынша қозғалысқа қатысушыларға және жолдарды пайдаланатын, автомобиль жолының жолақ бөлігінде және бақыланатын аймағында құрылыс салу, жөндеу, жобалау және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізетін азаматтарға қолданылады.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.01.2003. № 30 қаулысымен. (01.07.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Тәртіп жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарын пайдаланушылардың, жол органдарының және автомобиль жолдарын басқарушылардың құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін белгілейді.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.01.2003. № 30 қаулысымен. (01.07.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
4. Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарымен жүру - қолданылып жүрген заңдар, Жол қозғалысының ережесі және осы тәртіп сақтала отырып жүзеге асырылуы тиіс.
2. Автомобиль жолдарын пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері
Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдары мен осы Тәртіпке сәйкес жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдары бойынша еркін, кедергісіз жүруге; 
жол органдары мен жол полициясы органдарының лауазымды тұлғаларынан жолдар бойынша қозғалыстың тоқтатылуының немесе шектелуінің себептері туралы түсіндірме алуға; 
жүру шарттары, көрсетілетін қызметтер туралы, жол органдарының жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі құқықтары мен міндеттері және жауапкершілігі туралы толық және дұрыс ақпарат алуға; 
Полная версия
ИС BestProfi