Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 13.01.2017
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 761 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 13 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 29.12.2016 жылғы № 901 Қаулысына сәйкес
Редакция 20.08.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 2 шілдедегі
 № 761 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 қыркүйектегі № 845 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 31, 269-құжат):
«Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы » 1994 жылғы 21 қыркүйектегі, «Жол қозғалысының қауіпсіздігі туралы » 1996 жылғы 15 шілдедегі, «Автомобиль жолдары туралы » 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»; 
1) Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдарын пайдаланудың тәртібі;
2) Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру тәртібі бекітілсін.»;
3) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдарын пайдаланудың тәртібінде:
2-тармақтың екінші сөйлемі алынып тасталсын;
Полная версия
ИС BestProfi